Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 бойынша тіркелген) сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдар үшін ұйымның жұмыс орындарының тізімдік санының пайыздық көрсетілімі мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И. Ю. Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
2019 жылғы "1" наурыз № 11/01 Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарағанды қаласы әкімдігінің "Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 373 | 4 | 15 |
2. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 68 мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 105 | 3 | 3 |
3. | Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 23 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 147 | 3 | 4 |