Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға арналған квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д.Джакуповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Досаев |
Қаражал қаласы әкімдігінің 201 жылғы "___" _______ № ___ қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1. | "Қаражал қаласының әкімиятының қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 100 | 2 | 2 |
2. | "Karazhal Operating (Каражал Оперейтинг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 95 | 2 | 2 |
3. | Жәйрем кенті әкімінің аппаратының "Балдырған" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 58 | 2 | 1 |