Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған Қаражал қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д. Джакуповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Досаев |
Қаражал қаласы әкімдігінің | |
201__ жылғы "___"________ | |
№ ___ қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған Қаражал қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес |
Мемлекеттік | Мемлекеттік | Мемлекеттік | ||
1 | Балабақша | 550 |
2-3 жас-6000 теңге | 19125 теңге |
2 | Мектепке дейінгі шағын орталық | 300 | 3-5 жас-7000 теңге | 17525 теңге |