Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 33/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 405 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 маусымда № 5378 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 16 (2103), "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген адамдарға – тегін жол жүру;

      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған адамдарға – тегін жол жүру;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға – тегін жол жүру;

      4) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;

      5) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге – тегін жол жүру;

      6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – тегін жол жүру;

      7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға, "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған аналарға – тегін жол жүру.".

      2. Осы бірлескен Сәтбаев қаласының әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Ыдырысов
      Сессия төрағасы Е. Тоқымбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

О внесении изменения в совместное постановление акимата города Сатпаев от 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 223 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"

Совместное постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 31 мая 2019 года № 33/01 и решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 31 мая 2019 года № 405. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 июня 2019 года № 5378

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 13 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан" акимат города Сатпаев ПОСТАНОВЛЯЕТ и Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в совместное постановление акимата города Сатпаев 2 апреля 2014 года № 06/01 и решение Сатпаевского городского маслихата от 31 марта 2014 года №223 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Сатпаев для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2601, опубликовано в № 16 (2103) газеты "Шарайна" от 25 апреля 2014 года, в информационно-правовой системе "Әділет" 5 мая 2014 года) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Установить льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям граждан города Сатпаев:

      1) лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, статус которых определен статьями 6, 8 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" – бесплатный проезд;

      2) лицам, награжденным орденами и медалями за самоотверженный труд в годы Великой Отечественной войны – бесплатный проезд;

      3) гражданам, проработавшим в годы Великой Отечественной войны не менее шести месяцев – бесплатный проезд;

      4) пенсионерам, получающим минимальный размер пенсии – бесплатный проезд;

      5) инвалидам первой и второй групп – бесплатный проезд;

      6) детям-инвалидам до восемнадцати лет – бесплатный проезд;

      7) многодетным матерям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста), матерям, награжденным подвесками "Күміс алқа", "Алтын алқа" – бесплатный проезд.".

      2. Настоящее совместное постановление акимата города Сатпаев и решение Сатпаевского городского маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким города А. Идрисов
      Председатель сессии Е. Токимбаев
      Секретарь городского маслихата Т. Хмилярчук