Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 "Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген және 2013 жылғы 10 мамырдағы "Шарайна" № 19 (2054) газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Жанасылова |
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 488 шешіміне қосымша |
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 шешіміне қосымша |
Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу СХЕМАСЫ
CӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АЙМАҚТАРЫ
Р/н № | Функционалдық аймақтың №-і | Функционалдық аймақтар |
1 | 2 | 3 |
1. | I | тұрғын+қоғамдық-іскерлік аймақ |
2. | II | шағын және орта бизнестің өндірістік объектілері бар тұрғын аймақ |
3. | III | өнеркәсіптік (өндірістік) аймақ |
4. | IV | парктер, гүлзарлар аймағы |
5. | V | инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймағы |
6. | VI | режимдік аумақтар аймағы |
7. | VII | бағбандық қоғамдар аймағы |
8. | VIII | арнайы мақсаттағы аумақтар аймағы |
9. | IX | су объектілері аймағы |
10. | X | тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің аймағы |
11. | XI | бүлінген жерлер аймағы |
12. | XII | қоныс аудартуға жататын аймақ |
13. | XIII | қала тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған ауыл шаруашылығында пайдаланылатын аймақ |
14. | XIV | ауыл шаруашылығына пайдаланылатын, резервтегі және өзге де қала құрылысы қызметіне тартылмаған жер аймағы |