Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 3/1 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4142 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2017 жылдың 20 ақпанда, 2017 жылдың 17 ақпанда № 7 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі орынбасары Л. Д. Буравкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |