Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2020 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат 2020 жылдың 5 сәуіріне дейінгі мерзімде қала әкіміне ұсынылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |