Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 19.03.2020 № 14/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) Абай ауданында қылмыстық - атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес.
2. Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 15/01 "Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы күшін жойған болып танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде №4721 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 мамырдағы № 18-19 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылғы 04 мамырда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |
Абай ауданы әкімдігінің _____ жылғы "___" _______№ _____ қаулысына 1 қосымша |
Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Абай ауданының ұйымдарының тізімі
№ р/с | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Волынский" Агроөнеркәсіптік кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 106 | 1 |
2 | "Абай аудандық мәдени бос уақытын өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 112 | 1 |
Абай ауданы әкімдігінің _____ жылғы "____" ________№ ____ қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Абай ауданының ұйымдарының тізімі
№ р/с | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Теміртау электр металлургиялық комбинаты" тау-кен басқармасы | 102 | 1 |
2 | "Агрофирма Курма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 105 | 1 |
3 | "Абай ауданының орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 111 | 1 |