Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жаңаталап ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, төсеу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 1,7856 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, төсеу және пайдалану үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Жаңаталап ауылы әкімі | Т.К. Амангелдин |