Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 06/01 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4140 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 28 ақпанда, "Жаңаарқа" аудандық газетінің № 8 (9797) санында 2017 жылы 18 ақпанда жарияланған) және Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 06/01 "Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 06/01 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 15 ақпанда, "Жаңаарқа" аудандық газетінің № 7 (9844) санында 2018 жылы 10 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ю. Бекқожин |