Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алайғыр" Бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 110 киловольт әуе желісін салу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 2,8299 гектар, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай 2038 жылдың 20 ақпаны мерзіміне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Алайғыр" Бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Максутов |