Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 39 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 5181 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 13.01.2020 № 2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) Қарқаралы ауданында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 37 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4609 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 ақпандағы № 17-18 (11642) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 20 ақпанда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы ______________
№ ____ қаулысына 1 қосымша

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"К.К.Ибраев" жеке кәсіпкер

6

1

1

2

"А.Есимбеков" жеке кәсіпкер

10

1

1

3

"Қарқаралы ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

160

1

2

4

"Қарқаралы ауданының аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

196

1

2

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы ______________
№ ____ қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданының ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны

1

"Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

85

1

1

2

"К.К.Ибраев" жеке кәсіпкер

6

1

1

3

"Қамбар Астық Қарқаралы" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

15

1

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации и лиц освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 6 февраля 2019 года № 39. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 8 февраля 2019 года № 5181. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 13 января 2020 года № 2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 13.01.2020 № 2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии c подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстана от 23 ноября 2015 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстана от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест:

      1) для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы в Каркаралинском районе, в размере 1 % от списочной численности рабочих мест cогласно приложению 1;

      2) для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере 1 % от списочной численности рабочих мест cогласно приложению 2.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Каркаралинского района от 30 января 2018 года № 37 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации и лиц освобожденных из мест лишения свободы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4609, опубликовано в газете "Қарқаралы" от 24 февраля 2018 года № 17-18 (11642), в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 20 февраля 2018 года).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Каркаралинского района К. Максутов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Каркаралинского района
от ___________ 2019 года
№ ____

Перечень организаций Каркаралинского района, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности работников

Количество рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы

1

Индивидуальный предприниматель "К.К.Ибраев"

6

1

1

2

Индивидуальный предприниматель "А.Есимбеков"

10

1

1

3

Коммунальное государственное учреждение "Психоневрологическое медико-социальное учреждение Каркаралинского района"

160

1

2

4

Коммунальное государственное учреждение "Центральная районная больница Каркаралинского района"

196

1

2

  Приложение 2
к постановлению акимата
Каркаралинского района
от ___________ 2019 года
№ ____

Перечень организаций Каркаралинского района, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности работников

Количество рабочих мест для трудоустройства лиц освобожденных из мест лишения свободы

1

Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района"

85

1

1

2

Индивидуальный предприниматель "К.К.Ибраев"

6

1

1

3

Товарищество с ограниченной ответственностью "Қамбар Астық Қарқаралы"

15

1

1