Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 88 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № VI-41/353 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 5236 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы қаласындағы Әлімқан Ермеков, Әлихан Бөкейханов, Мұхтар Әуезов, Қалибек Қуанышбаев, Сеңкібай батыр, Петр Теряев, Ахмет Байтұрсынов, Мақсұт Бекметов, Мәди Бәпиұлы көшелерімен қиылысқан, атауы жоқ көшеге Нөгербек Спатаевтың аты берілсін.

      2. Осы Қарқаралы ауданы әкімдігінің және Қарқаралы аудандық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Максутов
      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
С. Нуркенов

О присвоении наименования безымянной улице

Совместное постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 11 марта 2019 года № 88 и решение Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 15 марта 2019 года № VI-41/353. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 марта 2019 года № 5236

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат Каркаралинского района РЕШИЛ:

      1. Присвоить безымянной улице, пересекающейся с улицами Алимкана Ермекова, Алихана Бокейханова, Мухтара Ауезова, Калибека Куанышбаева, Сенкибай батыра, Петра Теряева, Ахмета Байтурсынова, Максута Бекметова, Мади Бапиулы - имя Нөгербек Спатаев.

      2. Настоящее совместное постановление акимата Каркаралинского района и решение маслихата Каркаралинского района вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района К. Максутов
      Председатель сессии,
секретарь районного маслихата
С. Нуркенов