Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 16.11.2021 № 2 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 4 хаттамасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округі аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Садуакасов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Максутов |