Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсанындағы XXV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы "Қарқаралы" № 7-8 (11234) газетінде, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
2) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
3) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
4) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
5) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
6) 9 мамыр - Жеңіс күні;
7) 6 шілде - Астана күні;
8) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
9) 1 қазан - Қарттар күні;
10) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;
11) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік күні.";
16 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Кәрім |
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |