Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Мұзбел ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдың арасынан құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Мұзбел ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Пржевальское ауылы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 1 "Пржевальское ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4996 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қарашадағы № 44 (5592) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 15 қарашада электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Е. Абаев |