Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 03.10.2024 № 85/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156 бабының 2 тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын білім беру қызметінің бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары А.Қ. Шалабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "____" _______ № _________ қаулысына қосымша |
Қосымша білім беру бойынша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын білім беру қызметінің бағалары
№ | Қосымша білім беру ұйымының атауы | Көрсетілетін ақылы білім беру қызметінің тізімі (үйірмелер, бөлімдер, курстар) | Қосымша білім беру ұйымындарында 1 үйірме үшін айына төленетін ата-ана төлемі |
1 | "Осакаров ауданының балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | Аспаптық сынып, вокал сыныбы, хор сыныбы, оркестр сыныбы, ерте эстетикалық дамыту бөлімі, хореография бөлімі, театрлық бөлімі, көркемөнер бөлімі, даярлық курсы (көркемөнер мектебі бойынша), бейіндік бағдарлау курсы (көркемөнер мектебі бойынша), филиалдары (көркемөнер мектебі), спорттық-сауықтыру бөлімі, туристік-өлкетану бөлімі, бейіндік және кәсіпке дейінгі бөлімі, көркемдік-эстетикалық бөлім, лингвистикалық орталық | 1700 теңге |
2 | "Осакаров ауданының оқушыларға қосымша білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | Тіл дамыту үйірмесі, математика, ағылшын тілі | 1500 теңге |
Хореография | 500 теңге | ||
Вокал үйірмесі, қуыршақ- театр үйірмесі, бейнелеу өнері, тігін тігу өнері бойынша үйірмелер, спорттық-сауықтыру бағыттағы үйірмелер, туристік-өлкетану бағыттағы үйірмелер, сәндік-қолданбалы үйірмелер, үй шаруасы бойынша үйірме, қазақ тілі | 300 теңге |