Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 ақпандағы 45 сессиясының № 600 "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5199 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 наурызда "Сельский труженик" газетінде № 11 (7651), Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 05 наурызда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Хасенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ. Саккулаков |