Қазақстан Республикасының 2014 жылы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына, және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) сәйкес, Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалысы бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А. Әбілдинге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | М. Жандәулетов |
Шет ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "_____"_____________ №_____қаулысына қосымша |
Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Қызметкерлердің тізімдік санының пайыздық көрсетілімі (%) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "NOVA Цинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 918 | 0,1 | 1 |
2 | "Еңбек" шаруа қожалығы | 5 | 20 | 1 |