Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заныңа, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% бастап 4% дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
Приозерск қаласы әкімдігінің 20__ жылғы "___" _______ №____ қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Кызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Қоммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 173 | 3 | 5 |
2. | "Приозерск қаласының "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 77 | 2 | 2 |