Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 22.12.2023 № 12/74 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 "Приозерский вестник" газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
8 тармағы келесідей мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Әбдімүталіпов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |