"Қазақстан Республикасының Су Кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгіленсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі.
2. Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдері, "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "18" ақпандағы №1335 қаулысына 1-қосымша |
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектілерінің атауы | Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы | Су қорғау аймағы мен белдеуінің көлемі, гектар | Су қорғау аймағының ені, метр | Су қорғау белдеуінің ені, метр |
1 | Иіркөл көлі | Қызылорда қаласы | 393,243 | 500 | 35 |
2 | Сасықкөл көлі | Қызылорда қаласы | 390,503 | 500 | 35 |
3 | Иіркөл көлі (Прудхоз) | Қызылорда қаласы | 482,587 | 500 | 35 |
4 | Жарықкөл көлі | Арал ауданы | 3476,122 | 500 | 35 |
5 | Тұщыкөл көлі | Арал ауданы | 3846,711 | 500 | 35 |
6 | Домалақкөл көлі | Арал ауданы | 385,083 | 500 | 35 |
7 | Мариямкөл көлі | Қазалы ауданы | 1988,134 | 500 | 35 |
8 | Томайкөл көлі | Қазалы ауданы | 852,9 | 500 | 35 |
9 | Жанай №1 көлі | Қазалы ауданы | 347,801 | 500 | 35 |
10 | 9-Құдық-Әлтәй көлі | Қармақшы ауданы | 1748,243 | 500 | 35 |
11 | Таскөл көлі | Қармақшы ауданы | 536,352 | 500 | 35 |
12 | Лайкөл көлі | Қармақшы ауданы | 591,576 | 500 | 35 |
13 | Меңей көлі | Қармақшы ауданы | 269,977 | 500 | 35 |
14 | Иіркөл көлі | Жалағаш ауданы | 546,647 | 500 | 35 |
15 | Бәйбіше көлі | Жалағаш ауданы | 539,992 | 500 | 35 |
16 | Қаракөл көлі | Жалағаш ауданы | 72,078 | 300 | 35 |
17 | Серкеш көлі | Жалағаш ауданы | 574,641 | 500 | 35 |
18 | Қазымбет көлі | Сырдария ауданы | 757,487 | 500 | 35 |
19 | Қаракөл көлі | Сырдария ауданы | 440,932 | 500 | 35 |
20 | Байсары көлі | Сырдария ауданы | 303,621 | 500 | 35 |
21 | Итатқан көлі | Шиелі ауданы | 317,505 | 500 | 35 |
22 | Домалақ көлі | Шиелі ауданы | 640,232 | 500 | 35 |
23 | Құмшұқырой көлі | Шиелі ауданы | 452,728 | 500 | 35 |
24 | Өзгент көлі | Жаңақорған ауданы | 590,644 | 500 | 35 |
25 | Жашыкөл көлі | Жаңақорған ауданы | 589,578 | 500 | 35 |
26 | Қойлық ата көлі | Жаңақорған ауданы | 672,161 | 500 | 35 |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2019 жылғы "18" ақпандағы №1335 | |
қаулысына 2-қосымша |
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.02.2021 № 194 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.