"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 13 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5023 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 30 маусымда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | К. Искаков |