"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "7" ақпан №12609 қаулысына қосымша |
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі
Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру) | -50% | |
Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру) | -15% | |
Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу | -20% | |
Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге жұмсалатын резерв | -10% | |
Кәсіпорындардың қызметінің спецификасы бойынша қажет ететін шығындар түрі | -5% |