"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Арал аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |
Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "24" қаңтардағы № 5-қ қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі
Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:
Таза кіріс 3 000 000 теңгегедейін | Таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін | 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз |
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз |