"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қантардағы № 7-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5363 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 наурызда "Толқын" газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | М. УРАЗБАЕВ |