Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтардағы жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" Қағидаларында:
5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары "30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және 2019 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне 30 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде бір дүркін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.