Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 71 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 6791 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 122 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 07.08.2020 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "13" мамырдағы №71 қаулысына қосымша

Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары және оның сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары және оның сипаттамасы (әрі қарай - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - Куәлік) "Б" корпусының мемлекеттік қызметшісінің Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарында атқаратын лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      3. Қызметтік куәлік:

      1) аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына және қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне - Қазалы ауданы әкімінің қолы қойылып;

      2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлеріне - бөлім басшысының қолы қойылып;

      3) қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлеріне – қала, кент, ауылдық округ әкімінің қолы қойылып беріледі.

      4. Куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәліктің жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      5. Мемлекеттік қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылған, жұмыстан босатылған, лауазымы ауысқан кезде, тиісті өкім/бұйрық шыққан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті:

      1) аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары және қала, кент, ауылдық округ әкімдері аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне;

      2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлері бөлімнің кадр жұмысына жауапты қызметкеріне;

      3) қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері аппараттың кадр жұмысына жауапты қызметкеріне тапсырады.

      6. Куәліктердің берілуін және қайтарылуын есепке алу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

      7. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды персоналды басқару бөлімінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қала, кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының кадр жұмысына жауапты қызметкерлері еркін нысандағы тиісті актіні жасай отырып, жүргізеді.

      8. Куәлік жоғалған жағдайда оның иесі тиісінше шұғыл түрде персоналды басқару бөлімінің басшысына, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, қала, кент, ауылдық округі әкімдеріне ол туралы жазбаша түрде хабарлайды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама береді.

      9. Куәлікті жауапсыз сақтау нәтижесінде оны жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ куәлікті басқа адамдарға берудің, куәлікті жеке қызметтік емес мақсаттарға пайдаланудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару бөлімінің басшысы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қала, кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының кадр жұмысына жауапты қызметкерлері белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

      10. Куәлік 2 жыл мерзімге беріледі.

3. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

      11. Куәліктің мұқабасы көгілдір түсті жасанды былғарыдан, алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген жазба жазылады.

      12. Куәліктің ашылған түріндегі мөлшері 6,5 x 20 сантиметр, ішкі бетінің мөлшері 6 x 8,5 сантиметрді құрайды. Сол жақ және оң жақ ішкі бөліктері көгілдір түсті қорғаныштық тангирде күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленіп ақ түсті фонда орындалған.

      13. Екі жағының да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімдігі", "Акимат Казалинского района Кызылординской области" деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, қызметкердің мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      14. Сол жағында: тиісінше Қазалы ауданы әкімінің, бөлім басшысының, қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған көлемі 3 х 4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті) қазақ тіліндегі мәтін.

      15. Оң жағында: ақ түсті фонда көлемі 2,6 х 3,6 сантиметр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу.

  Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларына қосымша
  нысан

Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерін беру, қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Куәлік нөмірі

Куәлікті алғаны туралы қолтаңба

Тапсырған күні

Куәлікті қайтарғаны туралы қолтаңба

1

2

3

4

5

6

7

8


























Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описания

Постановление акимата Казалинского района Кызылординской области от 13 мая 2019 года № 71. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 16 мая 2019 года № 6791. Утратило силу постановлением акимата Казалинского района Кызылординской области от 7 августа 2020 года № 122

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Казалинского района Кызылординской области от 07.08.2020 № 122 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" акимат Казалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описание.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Казалинского района М. Ергешбаев

  Приложение к постановлению акимата Казалинского района от "13" мая 2019 года №71

Правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описание

1. Общие положения

      1. Настоящие правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описание (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описание.

      2. Служебное удостоверение (далее - Удостоверение) является официальным документом, подтверждающим занимаемую государственным служащим корпуса "Б" должность в местных исполнительных органах Казалинского района.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      3. Служебное удостоверение выдается:

      1) сотрудникам аппарата акима района, руководителям исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и акимам города, поселка, сельских округов - за подписью акима Казалинского района;

      2) сотрудникам исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета -за подписью руководителя отдела;

      3) сотрудникам аппаратов акимов города, поселка, сельских округов - за подписью акима города, поселка, сельских округов.

      4. Удостоверение выдается при назначении на должность, изменении должности, утере или порчи ранее выданного удостоверения.

      5. При освобождении от занимаемой должности, увольнении, изменении должности государственный служащий, в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего распоряжения/приказа сдает удостоверение:

      1) сотрудники аппарата акима района, руководители исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и акимы города, поселка, сельских округов в отдел управления персоналом;

      2) сотрудники исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета сотруднику отдела, ответственного за кадровую работу;

      3) сотрудники аппаратов акимов города, поселка, сельских округов сотруднику аппарата, ответственного за кадровую работу.

      6. Учет выдачи и возврата удостоверений осуществляется в журналах выдачи и возврата удостоверений согласно приложению к настоящим Правилам, которые пронумеровываются и прошнуровываются.

      7. Снятие с учета и уничтожение удостоверений производится ответственными работниками отдела управления персоналом, ответственными работниками исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, аппаратов акимов города, поселка, сельских округов с составлением соответствующего акта в произвольной форме.

      8. В случае утраты удостоверения его владелец соответственно незамедлительно в письменной форме сообщает об этом руководителю отдела управления персоналом, руководителям исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, акимам города, поселка, сельских округов и дает объявление в местных средствах массовой информации.

      9. По каждому факту утери, порчи удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи удостоверения другим лицам, использования удостоверения в личных неслужебных целях руководитель отдела управления персоналом, ответственные работники исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, аппаратов акимов города, поселка, сельских округов в установленном порядке рассматривают вопрос привлечения виновных лиц к дисциплинарной ответственности.

      10. Удостоверение выдается сроком на 2 года.

3. Описание служебного удостоверения

      11. Обложка удостоверения изготавливается из кожзаменителя, голубого цвета с изображением государственного Герба Республики Казахстан и надписью "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" золотистого цвета на государственном и русском языках.

      12. В развернутом виде размер удостоверения составляет 6,5 x 20 сантиметр, вкладыш 6 x 8,5 сантиметров. Левая и правая внутренние части выполнены в белом цвете с изображением парящего орла под солнцем в защитном тангире голубого цвета.

      13. В верхней части с двух сторон печатается надпись "Қызылорда облысының Қазалы ауданының әкімдігі", "Акимат Казалинского района Кызылординской области" на государственном и русском языках, по ниспадающей указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность служащего на государственном и русском языках.

      14. На левой стороне: соответственно фотография (анфас, цветная) размером 3 х 4 сантиметров, заверенная подписью акима Казалинского района, руководителя отдела, акимов города, поселка, сельских округов и гербовой печатью текст на казахском языке.

      15. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан на белом фоне размером 2,6 х 3,6 сантиметров, под гербом надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН".

  Приложение к Правилам выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района
  форма

Журнал выдачи, возврата служебных удостоверений государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Номер удосто-верения

Роспись о получении удостоверения

Дата сдачи

Роспись о возврате удостове-рения

1

2

3

4

5

6

7

8