"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес Тасарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасарық ауылдық округінің Тасөткел ауылындағы атауы жоқ көпірге "Нұрқожа" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы | Аты-жөні |