Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.02.2024 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 53-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.02.2024 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 39-сессиясының төрағасы |
Т.Ералиев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Наятұлы |
Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 256 шешіміне қосымша |
Қармақшы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.02.2024 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қармақшы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.