Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 03.05.2023 № 2-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 1), 2) тармақшаларына және “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жалағаш ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 37-сессиясының төрағасы |
М.ЖАМАНОВ |
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы |
М.ЕСПАНОВ |
Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы "22" ақпандағы № 37-9 шешіміне 1- қосымша |
Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,96 |
2 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,80 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,23 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,70 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0003 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,90 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,10 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,47 |
9 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,12 |
10 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,04 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,065 |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіп тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,36 |
14 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 шаршы метр | 0,24 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,18 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,22 |
17 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,19 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,15 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,74 |
20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,78 |
21 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,20 |
22 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,12 |
23 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,08 |
24 | Моншалар, сауналар |
Жалпы алаңы | 0,11 |
25 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,09 |
Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы "22" ақпандағы № 37-9 шешіміне 2-қосымша |
Жалағаш ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік | Бағасы (ҚҚС қоса) (теңге) |
1 | Тұрғын үйлерден тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму | айына 1 адамға | 80,29 |
2 | Шаруашылық субъектілер-абоненттер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету | 1 текше метр | 667,68 |
3 | Шаруашылық субъектілер-абоненттер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды көму | 1 текше метр | 335,91 |
Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы