"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Ғ. Әміреев |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "14" наурыздағы № 752 қаулысына қосымша |
2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Жаңақорған ауданының білім бөлімінің Ж.Кыдыров атындағы № 54 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 92 | 2 | 2 |
2 | "Жаңақорған ауданының білім бөлімінің Төлепберген Әбдірашев атындағы № 239 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 73 | 2 | 1 |
3 | "Жаңақорған ауданының білім бөлімінің Н.Илялетдинов № 169 атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 159 | 3 | 5 |
4 | "Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 184 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 94 | 2 | 2 |