Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 29.11.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІХ сессиясының төрағасы |
Ж. Амалбеков |
Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы | Е. Ильясов |
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы №381 шешiмiне қосымша |
Жаңақорған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік | Бағасы (теңге) |
1 | жеке тұлғалар үшін (жайлы емес үйлер) | айына 1 адамға | 55 |
2 | заңды тұлғалар үшін | 1 текше метр | 1400 |