Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 35/285 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 3886 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23 қазандағы 2023 жылғы № 7/71 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 7/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №18/145 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3464 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      11 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік мәні бар аурулары бар, жұмыс жасамайтын, мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе зейнетақы алмайтын тұлғаларға, өтініштері бойынша, табыстарын есепке алмай 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі.";

      15 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Бала кезінен мүгедектерге, ата-анасының екеуі де қайтыс болған жетім балаларға және ата-анасының екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауданға қажетті мамандықтарға сәйкес, Қазақстан Республикасының кез келген жоғарғы оқу орындарында білім беру қызметіне төлеу үшін және ай сайын тамақтану мен тұру шығындарын ішінара жабатын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.";

      келесідей мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, орта білімнен кейінгі, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға азық-түлік өнімдерінің бағасының қымбаттауына байланысты біржолғы 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.

      3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н.Хайруллаев
      Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы А.Ұлұқбанов


О внесении изменений и дополнения в решение Бейнеуского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 18/145 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе"

Решение Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 4 мая 2019 года № 35/285. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 8 мая 2019 года № 3886. Утратило силу решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23 октября 2023 года № 7/71.

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Бейнеуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бейнеуского районного маслихата от 30 октября 2017 года №18/145 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3464, опубликовано 5 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе:

      пункт 11 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "11. Социальная помощь не работающим, не получающим пособия по инвалидности или пенсии лицам, имеющим социально-значимые заболевания предоставляется по заявлению, без учета доходов, в размере 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей, один раз в год.";

      пункт 15 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "15. Социальная помощь инвалидам с детства, детям-сиротам, у которых умерли оба родителей и детям, оставшимся без попечения обоих родителей, в соответствии с востребованным в районе специальностям в любых высших учебных заведениях Республики Казахстан, предоставляется для оплаты образовательных услуг и ежемесячно частично покрывающие затраты на питание и проживание в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Социальная помощь предоставляется многодетным семьям, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, послесреднего, высшего, технического и профессионального образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более, чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) получающих государственную адресную социальную помощь, в размере 100 (сто) тысяч тенге, единовременно, в связи с ростом цен на продукты питания.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на комиссию по социальным вопросам и по вопросам законности и правопорядка Бейнеуского районного маслихата (Р.Тайшыбаев).

      3. Государственное учреждение "Аппарат Бейнеуского районного маслихата" (руководитель аппарата Оспанов Ж.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н.Хайруллаев
      Секретарь Бейнеуского районного маслихата А.Улукбанов