Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №10-15-1618 ұсынысының негізінде, Бейнеу ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3772 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
№ 136 сайлау учаскесі келесідей редакцияда жазылсын:
"№ 136 сайлау учаскесі
Орталығы: "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Сам" мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Ноғайты ауылының үйлері.".
2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Бақытова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Бейнеу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы Г. Бақытоваға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Абилов |