Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Даурбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Беков |
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 16 мамырдағы | |
№ 88 қаулысына қосымша |
Қарақия ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны (жеке, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны (жеке, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар), (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (жеке, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар), (теңге) | |||||
Бала бақша ( жеке/мемле кеттік) | Мектеп жанын дағы толық күн болатын шағын- орталық | Балабақша (жеке/мемлекеттік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын-орталық | Балабақша (жеке/мемле кеттік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын- орталық | ||||
3 жасқа дейін | 3 тен 7 жасқа дейін | 3 жасқа дейін | 3 тен 7 жасқа дейін | ||||||
1 | 1 ден 3 дейінгі топтар | 328 | 78 | 40250 | 29518 | 11675 |
|
| 13763 |
2 | 4 тен 6 дейінгі топтар | 530 | - | 40250 | - | 11675 | 13763 |
| 13763 |
3 | 10 және одан да көп топтар | 840 | - | 30150 | - | 11675 |
| 11675 | 13763 |