Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 15.05.2019 № 27/314 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамызындағы № 9/113 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3422 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
8 және 9 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Егер Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда бұл қалдықтар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қатысушы мәлімдеген баға бойынша сатылады.";
"9. Қалдықтарды бөлім жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.".
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Есенгелдиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Сарбалаев |