"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 241 қаулысымен бекітілген |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Коды | Білім беру саласының сыныпталуы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Жылына 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) | |
ұлттық жоғары оқу орындарында | басқа оқу білім беру ұйымдарында | |||
7R09 | Денсаулық сақтау (медицина) | 100 | 815,5 | |
Барлығы | 100 |