"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық инспекторының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 01-20/1180 ұсынысы негізінде, Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылында және осы ауылдың аумағында орналасқан "Сәкен", "Акмарал", "Естек" шаруа қожалықтарынан ірі қара малдың бруцеллез ауруына қойылған шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы "Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 20 тамыздағы № 4 (2018 жылғы 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8015 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Ж. К. Минзятов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Арқалық
қалалық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Б. А. Корганбекова
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі ветеринарлық
бақылау және қадағалау
комитетінің Арқалық
қалалық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Е. К. Канапин
КЕЛІСІЛДІ
"Арқалық қаласы
әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ К. Б. Бейсенов