Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 01.04.2020 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 42 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (2015 жылғы 9 сәуірде "Әулиекөл" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында реттік нөмірі 1-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
1. Әулиекөл ауылы | Шақшақ Жәнібек батыр көшесіндегі "Төлеңгіт" базарына қарама - қарсы стенд |
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд | |
Алтынсарин көшесіндегі "Радуга" дүкенінің жанындағы стенд | |
"Шақшақ Жәнібек батыр атындағы көшесіндегі "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы кеңсесінің жанындағы стенд. |
";
көрсетілген қаулының қосымшасында орыс тіліндегі реттік нөмірі 2-жолы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында реттік нөмірі 8-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
8. Новоселов ауылдық округі | |
Новоселов ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Новоселов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
Аққұдық ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Аққұдық негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
Соснов ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Соснов негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
";
көрсетілген қаулының қосымшасында реттік нөмірі 13-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
13. Қосағал ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Терсек бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
".
2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.