"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 01-23/196 ұсынысы негізінде Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылында Ермұханов Сайранхан Қабдыбекұлының жеке ауласы аумағындағы ірі қара малының құтыруы бойынша қолайсыз деп жариялануына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8423 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің м. а. | Б. Калиева |