"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 01-27/102 ұсынысы негізінде, Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі Досовка ауылының жеке меншік аумағынан мүйізді ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Покров ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 қарашадағы № 3 шешімінің (2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8140 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Покров ауылдық округінің әкімі |
К. Игламова |
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ В. Шерер
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Денисов аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ К. Исмагулов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Денисов
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Б. Байгелов