Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забелов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 225 шешіміне (2014 жылғы 19 маусымда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4808 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Е. Колядина |
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |
Мәслихаттың 2019 жылғы 12 қарашадағы № 344 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 225 шешіміне қосымша |
Жітіқара ауданы Забелов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Забелов ауылы көшелерінің атауы | Өкілдер саны (адам) |
1 | Левонабережная көшесі | 15 |
2 | Комсомольская көшесі | |
3 | Новостроевская көшесі | |
4 | Горького көшесі | 10 |
5 | Правонабережная көшесі | |
6 | Джангильдина көшесі | |
7 | Победы көшесі | 15 |
8 | Целинная көшесі | |
9 | Октябрьская көшесі | |
10 | Степная көшесі | |
11 | Первомайская көшесі | |
12 | Механизаторская көшесі | |
Барлығы | 40 |