Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 17.01.2020 № 471 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп кент, ауылдық округ үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № 256 шешіміне (2018 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7791 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Гизатов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |