2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округі Смирнов ауылы аумағында орналасқан, жалпы көлемі 1,7377 гектар жер учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Смирнов ауылдық округінің әкімі | Б. Капанова |