2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-тармағы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округі аумағында жалпы көлемі 4,8735 гектар жер учаскесін пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж. Мейрембаев |