"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 15 шілдедегі № 01-20/110 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сарыкөл ауданының Тимирязев ауылы әкімінің "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының аумағында шектеу іс–шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1 шешімінің (2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Cарыкөл ауданының Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Тайпакова |