Ескерту. Қаулының кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "Таран ауданының", "Таран ауданы" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының", "Бейімбет Майлин ауданы" деп ауыстырылды – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 14.12.2020 № 304 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 8,5247 гектар жер учаскелерінде талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.