Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылы әкімінің 12.02.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 79 ұсынысының негізінде Суворов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Суворов ауылдық округінің Суворово ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Ұзынкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Ұзынкөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. "Ұзынкөл ауданының Суворов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Суворов ауылдық округінің әкімі |
Ю. Новотеева |
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Ұзынкөл
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е. Исмагулов
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетінің Ұзынкөл
аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Е. Талтыкеев
"Ұзынкөл ауданының
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ М. Ыбрай