Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2019 жылға арналған субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Т. Нүкеновке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы "8" сәуірдегі № 88/2 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2019 жылға арналған субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.12.2019 № 363/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана, доза) | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы |
бас/ | 10 000 | 60 830 | 608 300 |
2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы * | 20 000 | 21 850 | 437 000 | |
3 | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу |
бас/ | 100 000 | 24 | 2 400 |
4 | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 1 917 | 287 550 |
5 | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу * | 225 000 | 1 177 | 264 825 | |
6 | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату |
тірідей салмағы, | 200 | 750 528 | 150 105,6 |
Барлық сомасы | 1 750 180,6 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | |||||
7 | Бір жынысты | сатып алынған доза | 10 000 | 305 | 3 050 |
8 | Қос жынысты | 5 000 | 2 058 | 10 290 | |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
9 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 353 | 52 950 |
10 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген * | 225 000 | 840 | 189 000 | |
Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||
11 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 35 | 35 728 570 | 1 250 499,95 |
12 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 20 | 3 000 000 | 60 000 | |
13 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 10 | 2 975 731 | 29 757,31 | |
14 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 2 500 000 | 25 000 | |
15 | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 5 000 | 2 594 | 12 970 |
16 | Эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | бас | 80 000 | 33 | 2 640 |
17 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату */** | бас | 120 000 | 5 416 | 649 920 |
Барлық сомасы | 2 286 077,26 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
Құс етін өндіру құнын арзандату | |||||
18 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 50 | 4 520 000 | 226 000 |
Барлық сомасы | 226 000 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | |||||
19 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,2 | 127 298 550 | 280 056,810 |
20 | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 2 | 19 417 433 | 38 834,866 | |
Барлық сомасы | 318 891,676 | ||||
Шошқа шаруашылығы | |||||
21 | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу * | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 6 798 | 271 920 |
Барлық сомасы | 271 920 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
22 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылысу маусымы | 2 500 | 7 271 | 18 177,5 |
23 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 1 500 | 30 000 | 45 000 | |
24 | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 539 | 4 312 |
Барлық сомасы | 67 489,5 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
25 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 129 | 12 900 |
26 | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 100 000 | 6 000 |
Барлық сомасы | 18 900 | ||||
2018 жылы мақұлданған өтінімдер *** | |||||
Шошқа етін өндіру құнын арзандату: | |||||
27 | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | килограмм | 100 | 1 990 159,64 | 199 015,964 |
Барлық сомасы | 199 015,964 | ||||
Барлығы | 5 138 475 | ||||
Республикалық бюджеттен субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 143 | 1 430 |
2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы * | 20 000 | 562 | 11 240 | |
3 | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 286 | 42 900 |
4 | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 200 | 144 410 | 28 882 |
Барлық сомасы | 84 452 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||||
5 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген * | сатып алынған бас | 225 000 | 838 | 188 550 |
Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||
6 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 10 | 1 303 519,8 | 13 035,198 |
7 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 1 606 634 | 16 066,34 | |
Барлық сомасы | 217 651,538 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
Құс етін өндіру құнын арзандату | |||||
8 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 50 | 533 763 | 26 688,15 |
Барлық сомасы | 26 688,15 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
9 | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 373 830 | 22 429,8 |
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||||
10 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,2 | 57 742 960 | 127 034,512 |
Барлық сомасы | 149 464,312 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
11 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылысу маусымы | 2 500 | 314 | 785 |
12 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 1 500 | 6 290 | 9 435 | |
13 | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 1 103 | 8 824 |
Барлық сомасы | 19 044 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
14 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 12 | 1 200 |
Барлық сомасы | 1 200 | ||||
Балара шаруашылығы | |||||
15 | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 300 | 1 500 |
Барлық сомасы | 1 500 | ||||
Барлығы | 500 000 |
Ескертпе:
* - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін және мал азығын субсидиялау бойынша 100 %-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі;
** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінгенде;
*** - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 21-тармағына сәйкес, осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін алдыңғы жылы мақұлданған, бірақ қаражаттың болмауы себепті төленбеген өтінімдер 2019 жылғы бюджет қаражатынан басым тәртіппен төленуі тиіс.
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.